АТЫРАУДА СУ СОРУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ СТАНЦИЯЛАРЫ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАНБАҚ
Атырау қаласын сумен қамтамасыз етуде еш кедергі болмауы тиіс. Былтыр желтоқсан айында Жайықтың деңгейі төмендеп, құбырлар қатып, салдарынан кәсіпорын тазарту қондырғысына су беруді тоқтатқан еді. Енді бұл жағдайдың алдын-алу мақсатында бірқатар жобалар іске аспақ. Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов су арнасы жұмысшыларымен кездескенде осы мәселені кеңінен талқылады. Су сору және сүзгіден өткізу станцияларын қайта реконструкциялау үшін құны 10 млрд теңге болатын екі жоба қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO