Ауданда 26 үй салынып жатыр
Көктемгі су тасқыны кезінде бірнеше үйі жарамсыз болып қалған Әйтеке би ауданында қалпына келтіру, құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Барлығы 26 отбасы баспана құрылысына келісім берген. Үш мердігер мекеме құрылысты тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр. Кестеге сәйкес атқарылып жатқан жұмыс көңілге сенім ұялатады. Айта кетейік, тасқын кезінде мұнда 150- ге жуық арыз түсті. Комиссияның техникалық бақылауы нәтижесінде 51 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Соның ішінде 25 отбасы екінші нарықтағы дайын үйді алуға ынта білдірген. Олардың бәрі қоныс тойын тойлап үлгерді. Ал өзгесі жаңа баспана құрылысының аяқталар сәтін күтіп отыр. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews