Suivant

Ауыз су мәселесі. Денсаулық саласы

12/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Үкімет отырысында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды. Бұл бағытта облыс көлемінде қандай жоспарлар, шешімін күткен мәселелер бар? Облыста орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 26 елді мекен бар. Олардың барлығы түгелімен 2025 жылдың аяғына дейін шешімін табуы тиіс. Арал ауданындағы Тоқабай, Ақбасты елді мекендерінде насос станциялары, резервуарлар құрылысы әлі толық аяқталмай тұр. Жиделі, Талап топтық су құбырындағы жұмыстар да тым баяу жүруде Ауыз су мәселесі қаланың өзінде де жеткілікті. Қала кеңеюде, дейтұрғанмен инфрақұрылымды дамыту ізбе-із ілесе алмай келеді. Одан бөлек, су тұтыну мәдениетіміз де сын көтермейді, ауыз сумен көлік жуып, бақша суарамыз, суды бейберекет ағызып кете саламыз дегендей, мұның бәрі ысырап. Аймақта денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытуда соңғы жылдарда айтулы өзгеріс бар. Иә, барды бар деп бағамдасақ, біраз дүние жаңарды. Амбулаториялар салынды. 200 санитарлық көлік алынуда. Күні ертең 50 автокөлік медицина қызметкерлері күні табыс етілмек. Қан орталығы есік ашқалы тұр. Аудандарда қамқорлық орталықтары ел игілігіне беріледі. Шиелі ауданында жұқпалы аурулар ауруханасы салынуда. Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториямен қоса 15 төсектік ауылдық аурухана құрылысы жүруде. Байқоңыр қаласындағы ауруханаға МРТ аппараты орнатылмақ. Тағысы тағы бар. Мұның бәрі халықтың денсаулығын нығайту үшін жасалып жатқан іс-шаралар. Және бұл бағыттағы игі істер жалғасын таба бермек. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant