Suivant

«АУЫЛ АМАНАТЫ»: 406 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

26/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Былтыр бағдарлама аясында облысқа 3 млрд теңге бөлінген болатын. Нәтижесінде 406 жоба қаржыландырылып, 700-ден астам жұмыс орны ашылды. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері жеңілдетілген пайызбен несие алып, кәсібін бастаған азаматтардың жұмысымен танысты. Шиелі ауданының тұрғыны Қанат Мұсаев «Barly Bai және K» өндірістік кооперативін құрып, «Ауыл аманатынан» 2,5 пайызбен 27,6 млн. теңге несие алды. Бидайкөл ауылынан қызанақ пастасын өндіретін цех ашып, берекелі іске білек сыбана кірісіп кетті. Цехта тәулігіне 1,5-2 тонна қызанақ пастасы шығарылып жатыр. ҚАНАТ МҰСАЕВ – КӘСІПКЕР Жалғыз паста емес өнімнің 15 түрін шығарсам ба деп отырмын әр түрлі...Бізде бау бақша жақсы дамығандықтан қауын, қарбыздан варьене жасаймыз.... Шикізат қоры жеткілікті. Себебі, шиеліліктер бақша дақылдарын егуге бұрыннан бейім. Кооператив төрағасы бірлесіп жұмыс істеймін деген азаматтарды көшетпен және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етпек. Сосын өнімін томат цехына қабылдайтын болады. ҚАНАТ МҰСАЕВ – КӘСІПКЕР Жаңбырлы кездерде қызанақта жарықша пайда болады. Әрине ол таза помидор. Бірақ апаратын жер жоқ, далаға төгіледі. Бұл ысырап. Сондықтан өндіріске әкеліп, еңбектері зая кетпесін деген мақсатым бар... Таза табиғи өнім «Байқоңыр» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы арқылы өңірдегі барлық әлеуметтік дүкендерге өткізілмек. Жансая Имантаева да «Ауыл аманаты» бағдарламасының игілігін көргендердің бірі. Шиелілік тұрғын 2019 жылы 505 мың теңге қайтарымсыз грант жеңіп алып, кәсібін бастаған болатын. Енді міне, жеңілдетілген пайызбен 7 млн. теңге қаражат алып, кондитерлік цех ашты. Жалпы, бұл жобаның мақсаты – ауылдағы ағайынның әлеуетін жақсартып, табысын арттыру. Осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын таппақ. Атап айтсақ, облысқа 5,7 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Негізі басымдық өңдеу, кооперативтерді дамыту, егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге беріліп отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant