«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА 56 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛМАҚ
«Ауыл аманаты» жобасы келер жылы да жалғасын табады. Бұған 56 млрд теңге бағытталмақ. Аймақта алғаш рет аталған бағдарламаны іске асыру барысы талқыланды. Жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова және еліміздің әр өңірінен арнайы делегация келді. Тақырыпты тілшіміз тарқатады. Республикалық семинар Сыр елінде басталды. Бекер емес. Өйткені, біздің өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде іргелі істер атқарылып жатыр. Әу баста жоба аясында 3 млрд теңге бөлінді. Оған 406 жоба қаржыландырылды. Соның арқасында 713 жаңа жұмыс орны ашылды. Биылға 4,6 млрд теңге бағытталып отыр. Бүгінгі күнге бағдарлама бойынша 2,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, 1 млрд теңгеге 150 жоба қаржыландырылды. Алқалы жиынның мақсаты айқын. Ауылдағы әлеуметтің әлеуетін арттыру. Бұл ретте өңіраралық байланыстың, тәжірибе алмасудың маңызы зор. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылының халқы «Ауыл аманаты» шеңберінде кооператив құрған. Бүгінде «аймақтағы еңселі елді мекеннің қатарына ендік» дейді ауыл әкімі. ӘДІЛЕТ МҰСАҒАЛИЕВ - ҚОСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ //БҚО// Біздің Қоскөл ауылдық округі «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, 35 адам 196 млн теңге қолдауға ие болған болатын. 00:53-/ ауылда бір кооператив ашып, 45 млн теңгеге техника ал отырып, өз жұмысымызды бастадық. Ауылды әлдендіруге кәсіпкерлер де мүдделі. Жиырма жылдан аса түйе шаруашылығымен шұғылданған Сыдық Дәулетов өз тәжірибесімен бөлісті. 2001 жылы бизнесті бастағанда 19 пайызбен несие алғанын айтады. Қазір Ойсылқара тұқымын бес мың басқа жеткізген. Енді ауыл азаматтарын мал шаруашылығымен айналысуға ынталандырмақ. СЫДЫҚ ДӘУЛЕТОВ - КӘСІПКЕР Бір отбасына 10 боталы түйе беремін. 5 литр орташа сүт алады деп отырмыз. Сол ауылда құрақ сүт шығаратын зауытым бар. Сондықтан 10 түйені алған азаматқа сүтін біз қабылдаймыз. Ол түйеден 50 литр сүт алатын болса, күніне ол жанұяға 50 мың теңге ақша түсетін болады. Өткен екі жылда «Ауыл аманаты» аясында 100 млрд теңгеден аса қаржы бөлініп, 16 мыңнан аса адамға несие берілген. Десе де, оны қайтару мәселесінде проблемалар бар. Бұл ретте Тамара Дүйсенова ұсынылған жобалардың әлеуетіне, тиімділігіне, назар аудару керектігін айтты. Сондықтан келер жылы бағдарламаға өзгерістер енген. ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қаражаттарды алу үшін әрбір облыс әкімшілігі ұйымдастыру схемасын алып келуі қажет. Кредит алған әрбір азамат ол өнімін ертең қайда сата алады. Кімге, қайда сатады. Сол схеманы толық беруі қажет. Екінші мәселе барлық қаражат ақпараттандырылған жүйе арқылы берілуі қажет. Келер жылы бағдарламаны іске асыруға 56 млрд теңге бағытталмақ. Оның ішінде, Сыр өңіріне 5,5 млрд теңге қаралған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/