Suivant

Ауыл тұрғындарын қолдаудың жаңа тетігі енгізіледі

09/09/24
QOSTANAI TV
Dans Asie / Kazakhstan

Мемлекет басшысы Жолдауда тоқталған тағы бір маңызды жоба - «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Президентттің бастамасымен әзірленген бұл шара ауыл тұрғындарының өз бизнесін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге мұрындық болды. Ел президенті Жолдауда Үкімет пен әкімдер бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратуды ойластыруды тапсырды. Әрі, пилоттық жобаның нәтижесі де жаман емес екенін тілге тиек етті. Аталмыш бағдарлама Қостанай облысынның кәсіпкерлеріне де оң серпіліс алып келді. Аймақта «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 279 микронесие берілді. Әрқайсысы 9 миллион теңгені құрайды. Нәтижесінде 291 жаңа жұмыс орны ашылып, ауыл халқы жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, шамамен 200 жаңа бизнес субъектісі құрылды. Сайт www.qostanaitv.kz Facebook - https://facebook.com/qostanaitv/ Telegram - https://t.me/qostanaitv Tik Tok - https://tiktok.com/qostanaitv VK - https://vk.com/qostanaitv Instagram - https://www.instagram.com/qostanaitv/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant