Suivant

Ауылда инфрақұрылым жақсарып келеді

14/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылжарма ауылдық округінде жол сапасы жақсарып келеді. Былтыр 23 көше асфальтттанып, 35 көшеге қиыршық тас төселсе, биыл 15 көше күрделі жөндеуден өтеді. Қызылжармада жылдан жылға халық саны артып келеді. Жаңадан қоныстанушылар көп. Сондықтан ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға, оның ішінде әсіресе көшелерді жөндеуге баса мән беріліп отыр. ШӘРІП ӘБДІРАХМАНОВ - ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ "Қалалық құрылыс бөлімі арқылы ауылдық округтің шет аймақтары болып саналатын Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын ауданындағы 35 көшеге тас төсеу жұмыстарына 2022-2023 жылдарға 1 млрд 642 млн теңге қаржы қаралып, қазіргі уақытта 35 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді». 9 мыңдай халқы бар ауылдық округте көгілдір отын, ауыз су, аяқ су мәселесі оң шешімін тапқан. Көшелерді жарықтандыру жағы да қарастырылған. ШӘРІП ӘБДІРАХМАНОВ - ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ «Сонымен қатар, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылымыздағы 24 көшеге түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстарына облыстық бюджеттен 282 млн теңгеге қаржы қаралып, бүгінгі күні 24 көшеге түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді». Бала санының артуына байланысты ауылға енді жаңа мектеп керек. Бұл мәселе де жыл соңына дейін шешіледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауылда 600 орындық білім ошағы салынып жатыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant