Suivant

Ауылдың жайы

20/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ақжарма ауылдық округіндегі 19 көше жөнделу керек. Дәрігерлік амбулатория ғимараты да ескі. Десе де, түйткілді мәселелер көп ұзамай шешімін таппақ. Алдағы уақытта осы 19 көшеге қиыршық тас төсеу үшін республикалық бюджетке өтінім берілген. Сондай-ақ, Баймұрат батыр ауылындағы 2 көшеге жаңадан асфальт төсеу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Оған қоса, жаяу жүргіншілер жолын салу да қарастырылып жатыр. «Ауыл-ел» бесігі жобасы бойынша бірнеше көшеге жарық бағаналарын орнату қолға алынбақ. Ендігі мәселе - елді мекенді газдандыру. Қазір ауылдық округтегі халық саны – 2386. Ауылды табиғи газға қосу үшін шамамен 1 млрд 366 млн теңге қажет. Бұл бағытта жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Қазір қаржыландыру жайы пысықталуда. Ал жыл ішінде ел игілігі үшін дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. САТТАР ӘБДІРЕЕВ – АҚЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ //Ақжарма ауылдық округінде құны 422 млн теңге дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталап, қазіргі таңда оның құрылысында 249,7 млн теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қалған қаржы көлемі мен құрылыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айына дейін белгіленген. Алайда, мердігер осы амбулаторияны мамыр айында өткіземіз деп жоспарлап отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant