АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ АЗАЙМАЙ ТҰР
AMANAT партиясының облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа басқарма басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлықты жою үшін парақорлық жағдайларды барынша азайтуға мүмкіндік беретін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Нақтырақ айтсақ, 2021-2023 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында пара беру және пара алу фактілері бойынша 26 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталған.Олардың ішінде Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 16 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылса,оның ішінде 2 адам мемлекеттік органдардың басшылары болып отыр.Жыл санап жемқорлықтың жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынса да, жең ұшынан жалғасқан сыбайластық фактілері азаймай тұр. Отырыс қорытындысы бойынша Аманат партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Сайын Қуанышев, мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуді тапсырды. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO