Suivant

АЭС-тің жылу, жел және су электр станцияларынан артықшылығы

05/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Атом электр станциясы – ең арзан әрі қоршаған ортаға зиянсыз технология. Энергетик мамандар осылай дейді. Әрі АЭС салу елімізді энергия тапшылығынан тәуелсіз етіп, ірі инвесторлардың келуіне жол ашады. Ғалымдар 10 жылда ел тұрғындарының 30 пайызы жарықсыз қалуы мүмкін дейді. Өйткені біздегі бар станциялардан өндірілетін энергия көзі тұрақты емес. Газ тапшы. Көмір зиян. Экономиканы ілгерлету үшін Қазақстанға тұрақты энергия көзі қажет. Мамандардың айтуынша, оны тек Атом электр станциясы қамтамасыз ете алады. ӘДІЛБЕК ТӘЖІБАЕВ - ИНЖЕНЕР-ЗЕРТТЕУШІ // Бізде экономикамыз тұрақты дамуы үшін қазір генерация саны өсуі керек. Бізде, қазір тапшылық сезіледі. Оның өсуі үшін жоспар бар, Қазақстанның 2035 жылға дейінгі генерациясын екі есеге ұлғайту. Сол бойынша бірнеше бағытта жұмыстар жасалынып жатыр. Газ қондырғыларын соғу, ЖЭС-терді жаңарту. Соның бірі АЭС салу. Экономикада АЭС ең арзан әрі қоршаған ортаға зиянсыз технология. // Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant