Suivant

АЭС: ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС

17/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сарапшылардың сөзінше елімізде электр энергиясына деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Соңғы жылдары қуат көзінің тапшылығы мен тұрақсыздығы айқын сезіле бастаған. Оның үстіне бағасы да қымбат. Сондықтан атом электр стансасын салу - уақыт талабы дейді ғалымдар. Облыстық көпбейінді ауруханада медицина саласының өкілдерімен жүздескен профессор-зерттеушілер бейбіт атом энергиясын пайдалану – жаһандану үдерісіндегі ең өзекті мәселенің бірі екенін айтты. Ядролық энергияның тиімділігі мен тұрақтылығы таза энергия көзі ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Кездесуде дәрігерлер елді ең бірінші қауіпсіздік мәселесі алаңдататынын алға тартты. Ғалымдар атомдық энергетика саласының артықшылығы мен оған қажетті маман даярлау жайына тоқталды. АНИПА ТАПАЛОВА – ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ // Біздің елімізде көмір, газ көп. Соларды да дамытуымызға болады. Бірақ көмір мен газды жаққан кезімізде көмірқышқыл газы пайда болады. Көмірқышқыл газынан басқа да газдар пайда болады. Улы заттар пайда болады. Оның барлығынна атмосферада озон тесіктері пайда болады да сол арқылы бізге неше түрлі ультрафиолет сәулелер келіп адамзат ауруға ұшырайды. Жер бетінде неше түрлі катаклизмдер болып жатқанын өзіміз көріп жүрміз. АЭС-тен қорықпау керек. Кез-келген прогресс еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмыс істейді. Қауіпсіздік шаралары қазіргі кезде сақталған. // Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant