Suivant

АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ӘЛІППЕСІН ОҚИДЫ

02/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана базасынан балалардың жазу және сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған үйірме ашылды. Ерекшелігі сол, үйірмеде балалардың қазақ және ағылшын тілінде еркін сөйлеп, дұрыс жазуын бейімдеу үшін өзіндік бағдарлама құрылған. Мәселен, бір деңгейді меңгерген бала келесі күрделірек деңгейге көшеді. Соңында баланың білімін тексеру үшін тест алынады. Үйірме сынып әзірге аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жұмысын жүргізеді. Егер бала саны артып жатқан жағдайда аптаның барлық күнінде жұмыс жасауға әзір. Ашылу салтанатында үйірмеге алғаш болып қабылданған жеткіншектер ағылшын тілінде тақпақтарын айтып, өз өнерлерін көрсетті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant