БАЗАРДАҒЫ АХУАЛ ҚАНДАЙ?
Қаладағы базарлар мен сауда үйлерінде санитарлық талап сақталып отыр ма? Базар бағасы ұшып тұрған жоқ па? Қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратов жағдайды бақылау үшін мониторингтік топ мүшелерімен бірге рейдке шығып, біраз кемшілікті анықтады. Ескі базар маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған мына жол «жабайы» сауда орнына айналған. Бей-берекет қойылған тауарлар тұрғындардың емін-еркін жүруіне кедергісін келтіріп тұр. Одан қалды азық-түлік далада ашық-шашық сатылуда. Оның ішінде тауық еті, балық та бар. Мониторингтік топ мүшелерін көре сала сатушылар тауардың бетін жауып үлгерді. «Ашық-шашық көшеде мынау жаяу жүргіншілердің жолында тұрып сатып жатырсыз. Бұл базардың жері емес қой. Сіз мынау сертификатталған тауарды халыққа дұрыс ұсынуыңыз керек. Ашық мынау барлығы. Енді сіз қалай ойлайсыз өзіңіз?» Базар ішінде өрт қауіпсіздік талаптары да сақталмай келеді. Жергілікті әкімдік бұған дейін базар басшылары мен кәсіпкерлерге бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ әлі де нәтиже көңіл көншітпейді. ОЛЖАС ТҰРСЫНБАЕВ - ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАС МАМАНЫ «өрт сөндіру құралының жетіспеушілігі «Ас бол», «Қызылорда» сауда үйлерінде анықталды. Бұл бойынша сауда үйі персоналына өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Оны біз өз тарапымыздан арнайы семинар сабақтарын өтетін боламыз». Сондай-ақ мереке қарсаңында азық-түлік бағасының құбылатыны бар. Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 түрлі өнім кіреді. Оларға қойылған межелі баға бар. Ол сақталып отыр ма? «картоптың келісі қанша? 270. неге 270? Бағаны көтеріп жіберіпсіздер ғой... ПАКУАТДИН ШАМҰРАТОВ - ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 03:00- «аралау барысында байқағанымыз, бізде бекітілген азық-түлік бағасы бар. көбісі, талаптарға сәйкес келіп тұр. Енді алдағы уақытта да әр кәсіпкерге біз түсіндірме жұмыстары жүргіздік. Мереке күндері сол бағаны еріксіз көтермеу жөнінде ол кісілерге түсіндірілді. Кәсіпкерлер сол бағына тұрақты түрде ұстап тұруға уәдесін берді». Бұл жолы сатушылар ескертумен құтылды. Ал, оны елемеген сауда иелеріне енді заң аясында әкімшілік шара көріледі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/