Suivant

Байқоңыр: жасөспірімдердің тәртібі алаңдатады

07/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Байқоңырда білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша ведомствоаралық семинар өтті. Қазақстан мен Ресей тарапының жауапты өкілдері қатысқан жиында оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігі туралы да кеңінен талқылады. Байқоңырлықтарды балалардың тәртібі қатты алаңдатып отыр. Себебі жасөспірімдер арасындағы қылмыс едәуір артқан. Жыл басынан бері 174 қылмыстық іс тіркеліпті. ТАЛҒАТ БЕКТҰРСЫНОВ - БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ «оның ішінде кәмелетке толғандармен болған қылыстар 60 пайызға, кәмелетке тлмағандармен жасалған қылмыстар 100 пайызға өсім алып отыр. осы келеңсіз жағдайлар бүгінгі осы жиынның өткізілуіне түрткі болды. Отбасылық зорлық-зомбылқтың алдын алі бірінші. Және кәмелетке толмағандардың сексуалды сипаттағы қылмыстардың алдын алу. Бұл көбінесе өгей әкемен тұратын отбасыларда орын алады. Соларға түсіндірме жұмыстары жасалады». Жиынға қатысушылар жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылыққа, буллинг пен кибербуллингке, есірткі құмарлық пен нашақорлық, топтық төбелестің алдын алу бойынша өз пікірлерін білдірді. Осы орайда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жұлдызды қалашықта «Қылмыссыз өңір - кемел келешек», «Қауіпсіз және бақытты балалық шақ» атты профилактикалық іс-шаралар жалғасын таппақ. Күнделікті түнгі рейд жұмыстары да күшейтіледі. НИКОЛАЙ АДАСЕВ - БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «балалар арасындағы тәртіп ҚР, РФ үшін де маңызды. Жалпы Байқоңыр бұл ерекше қала. Біз екі тарапты да қарастырып, жас жеткіншектерді патриоттыққа тәрбилеуіміз керек. Сондықтан біз бірлескен шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Бұл жерде қандай шара екені маңызды емес. Маңыздысы балалардың дұрыс қалыптасуы». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant