Suivant

Байқоңырда су және кәріз жүйелері жаңғыртылып жатыр

07/12/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Байқоңырда су және кәріз құбырлары жаңартылып жатыр. Бүгінге дейін жұлдызды қалашықтағы 11,4 шақырым су құбыры жөнделген. Жыл соңына дейін тағы 3 шақырымы жаңғыртылмақ. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз Гүлай Ашекованың бейнематериалында толығырақ. Жұлдызды қалашықтағы су және кәріз құбырларының әбден тозығы жеткен. Бұл мәселе Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысында қаралып, реконструкциялау жұмыстары басталып кетті. Жоба аясында 95 шақырымға жуық су жүйелері, 85 шақырым кәріз желілерін жаңалау жоспарланған. Ол үшін қазақстандық бюджет есебінен 12 миллиард теңге бөлінді. ҚАЙРАТ НҰРТАЙ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙҚОҢЫР КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Соның ішінде биылғы жұмыстарға 750 млн теңге бөлінді. Келесі жылы және әрі қарай осы жоба толық атқарылып шығады. Осы қаладағы барлық су бұру мен сумен қамтамасыз ету желілері ауысады. Байқоңырдың үкіметте бекітілген екіжақты Ресей-Қазақстан тарапымен Байқоңыр қаласын әрі қарай ұзақ мерзімді даму бағдарламасы бар. соған сәйкес осы жұмыстар атқарылатын болады». Құбырларды жаңғырту жобасы үш кезеңнен тұрады. Бүгінге дейін қаланың нөмірі алтыншы және жетінші мөлтек аудандарының кәріз жүйелері мен су құбырлары толығымен ауыстырылыпты. Қазір Максимов көшесінен Сырдария өзеніне өтетін учаскенің кәріз жүйесі жаңартылып жатыр. АСЫЛХАН ӘЛІБЕКОВ - «МЕЛИОРАТОР» ЖШС УЧАСКЕ БАСШЫСЫ «Бұл жұмыстар бірінші қарашадан басталды. барлығы 3 км 200 м обьем берілген. Соның 1 км 200 м обьемін жасап қойдық. Осы жаңа жылға дейін үлгеруіміз керек. Қазір труба салып жатырмыз. бастамасы 315-тік диаметрден, қазір 400-дік диаметр салып жатырмыз». Айта кетеу керек, соңғы жылдары Байқоңырда коммуналдық қызметтердің сапасы жақсарып келеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant