БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ШЫРША ТОЙЫ

29/12/23
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының балаларға арналған шырша тойы өтті. Жұлдызды қалашықтың балақайлары ертегілер еліне саяхаттап, заманауи трендтермен әрленген ғажайып шоуға куә болды. Жаңа жылдық мерекеден балалар әдетте таңғажайып оқиғалар мен тосын сый күтеді. Сондықтан құттықтау сөзін «жұлдызды қалашыққа жапалақтап қар жауып, кішкентайлар асыр салып ойнасыншы» деп бастаған Константин Бусыгин, қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді . КОНСТАНТИН БУСЫГИН - БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ «Мен сіздерді Байқоңыр қаласына деген ықыластарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздер мәдени және тазалық шараларында әрдайым белсендісіздер. Біздің қаламыз таза, әдемі. Сіздерге тілерім ең бірінші денсаулық. Бақытты болыңыздар. Жаңа жылға тек жақсы естеліктер мен жағымды жаңалықтарды ғана алып, барлық ауытрпашылықты ескі жылда қалдырайық». Шырша тойының әсерлі өтуіне Байқоңыр қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ат салысты. Балалар ертегі қаһармандарымен, мультфильм кейіпкерлерімен бірге шырша жанында ән айтып, би биледі. Түрлі сайыстарға қатысты. Жаңа жылдық шыршаға 9 бен 13 жас аралығындағы 70-ке жуық оқушы қатысты. Олардың қатарында оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық өмірде табысқа жеткен дарынды балалар бар. Сондай-ақ шырша кешінде «Жаңа жылдың символы» атты көрме қойылды. Әуесқой қолөнершілер қағаз пен ағаштан жаңа жылдық ойыншықтар әзірлеген. СВЕТЛАНА ЗАЦЕПИНА - БАЙҚОҢЫР ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Бұл жердегі әрбір бұйым 2024 жылды бейнелейді. Биыл 18 жастан асқан 100-ге жуық тұрғын қатысты. Өте көп өтінімдер болды. Бүгін міне енді қатысушылар сыйлықтарын алып, өздері де мерекелік көңіл-күйге бөленді». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par