Бала тәрбиесінде неге мән беру керек?
Жалағаш ауданында білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өтті. Жалағашта жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында аса ауыр қылмыстар орын алмаған. Дегенмен тәртіпке бей-жәй қарауға болмайды дейді мамандар. Себебі, ӘДІЛЖАН ОРАЗҒАЛИ - АУДАН ПРОКУРОРЫ «Жасөспірімдер арасындағы жыныстық құқықбұзушылықтары тиылмай келеді. Мәселен, ағымдағы жылы тіркелген іске тоқталар болсам, ауданымызда 16 жасар қыз өзінің туған ағасы 97-жылы туылған М есімді азаматпен жыныстық қатынасқа түсіп, жүкті болып қалған. Қазіргі таңда ҚК 122-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Бүгінде қадағалау аймағында қылмыстық ахуал 6,7 пайызға 45-тен 48-ге өсім алып отыр. Оның ішінде жыныстық құқықбұзушылық 100 пайызға, яғни 0-ден 1-ге. МӘУЛЕН ӨСЕР - АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «2024 жылы кәмелектке толмағандар арасында қылмыстар орын алмаған. Дегенмен жасөпірімдер арасында түн мезгілінде, мектептен тыс уақытта топтасып жиналмау деректері әлі де тоқталмауда. Қазіргі уақытта алаңдататын мәселенің бірі топпен жасалатын қылмыстар. Қабылданған шешімдер шешімдер нәтижесінде бұл санатта жасалатын қылмыстарға жол берілген жоқ. Дегенмен жастар мен жасөспірімдер арасындағы топтық төбелесулер орын алуда. Ал жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстар бір де бір болып бір деңгейде». сы ретте аудандық полиция бөлімімен кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі Жалағаштағы балалар», «Абайлаңыз, балалар» профилактикалық шаралары мен күнделікті түнгі рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр. Профилактикалық жұмыстар барысында жыл басынан бері 94 құқықбұзушылық фактісі тіркелген. МӘУЛЕН ӨСЕР - АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ // Оның ішінде, түнгі уақытта сағат 22:00-ден кейін заңды өкілсіз ойын-сауық және тұрғын жайдан тыс 23:00-ден кейін жүрген 84 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерін орындамаған 8 ата-анаға әкімшілік хаттама рәсімделді. Бүгінде аудан бойынша 82 бала тәртібі бойынша есепке алынған. Қазіргі таңда олардың 18-і түрлі үйірмелерге, 64-і спорттық секцияға тартылған. Жиын соңында аудан әкімі жасөспірімдердің тәртібін тұрақты түрде бақылау керектігін айтып, жауаптыларға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/