БАЛАЛАРҒА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖАСАУ АЗАЙМАЙ ТҰР
Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға 500 зорлық-зомбылық жасалған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Бұл сан жыл соңына дейін тағы да өсуі мүмкін. Өйткені, кәмелектке толмағандарға қатысты жеңіл дене жарақатын салу және ұрып-соғу енді қылмыстық іс болып есептеледі. Сондай-ақ, мектеп оқушылары арасында буллинг азаяр емес. Мәселен, биыл 10 айдың ішінде 150-ге жуық құқықбұзушылық тіркеліп, іс сотқа жіберілген. Оқу-ағарту вице-министрінің сөзінше, қазір білім беру мекемелерінде балалар арасындағы әлімжеттілік пен буллингтің алдын алу, санын азайту бойынша арнайы жоба жүзеге асырылып жатыр. ЕДІЛ ОСПАН – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Екі бағдарлама енгізіле бастады, біріншісі: «Kiba» бағдарламасы. Ол бірнеше мемлекетте жемісін берген танымал бағдарлама. Екіншісі біздің отандықдық ғалымдарымыз жасаған бағдарлама. Министрлік жанында «Өркен» институты бар, сол институт отандық үздік тәжірибилерді зерделей келе антибулингтік бағдарлама әзірледі. Оның атауы «Досбол Like». Біз енді осы оқу жылының басынан енгіздің, оның жұмысын нәтиже көрсетуіне біршама уақыт керек. Алғашқы нәтижені оқу жылының аяғында аламыз деп ойлаймын. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/