Suivant

БАЛАЛАРҒА ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

01/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Президентке хат жазып, тілегін жеткізген балалардың арманы орындалды. Жаңа жыл қарсаңында сырбойылық үш оқушыға мемлекет басшысының сыйлығы табысталды. 14 жастағы Нұрдәулет Салават ерекше білім беруді қажет ететін оқушы. Денсаулық жағдайына байланысты үйден оқытылады. Жаңа жылдан мол үміт күткен ол Президентке хат жазып, өз тілегін жеткізген. Енді міне, бала арманы орындалып, қала әкімі Асылбек Шәменов пен облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов Нұрдәулетке президент сыйлығын табыстады. Ал 15 жастағы Роман Дмитриев «Атамекен» балалар ауылындағы жастар парламентінің президенті. «Оқуға құштар ауыл», «Сиқырлы театр» секілді жобаларда белсенділік танытатын өнерлі өрен Мәскеуде өткен «Ты супер танцы» байқауына қатысқан. Арманы Президентпен кездесу. Жаңа жылда мемлекет басшысының арнайы сыйлығын алған Роман достарымен бірге концерттік бағдарлама әзірлеп, алғысын білдірді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant