БАЛАПАН БАПТАҒАН БИЗНЕСМЕНДЕР

26/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыста өткен жылы 33 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 716 млн. теңге көлемінде несие алды. Сонымен қатар, жаңадан 373 жеке кәсіпкер тіркелді. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында бизнеске бет бұрып, шаруасын ширатқан кәсіп иелері туралы келесі бейнематериалда. ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ-ТІЛШІ Бұл ет бағытындағы бройлер балапандары. Қанаттылардың өмірге келгеніне небәрі 15 ақ күн болған. Сондықтан да баладай күтім қажет. Балапандар осы жерде 35-50 күннің аралығында әбден бапталып, ет жинаған соң ғана сою пунктіне жіберіледі Ет бағытындағы құс етін өндіру – «Ауыл аманатының» жемісі. Бұл жобаны «Сыр құсы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Бесарық ауылында жүзеге асырып отыр. Мұнда қазір 4500 басқа арналған үш тауық кепе салынған. Балапандар мен оларға қажетті жем-шөбі Жамбыл облысынан әкелінеді. ЖАСҰЛАН ТҰРЛЫБЕКОВ - «СЫР ҚҰСЫ» АШ ӨК МЕҢГЕРУШІСІ Бірінші уақытта балапанды 280 тг алатын болсақ, екінші ауысымда 350 теңгеден алып отырмыз. Бірінші кезеңде 6-7 мың келідей құс етін өткіздік. Өнімді өзіміздің жергілікті жерге, сосын сұраныс бойынша 3 мың тоннаны Алматы облысына жібердік. Бір тауықтың келісі шамамен 2,5-3 келіге дейін барады Қазір құс фермасында 3 мың бас балапан бапталуда. Алдағы айда тағы да 1500 дана шөже әкелінбек. Осылайша ет бағытындағы қанаттылардың санын 10 мыңға жеткізу жоспарда бар дейді, - кәсіп иесі. ТҰЗДЫ БӨЛМЕНІҢ ПАЙДАСЫ МОЛ Ал, Бибінұр Муталипова «Ауыл аманаты» жобасы аясында 8,6 млн теңге қаржы алып, Шиелі кентінен «Тұзды бөлме» ашты. Кәсіпкер қазір үш адамды жұмыспен қамтып отыр. БИБІНҰР МУТАЛИПОВА – КӘСІПКЕР Өзіміздің отбасымызда алергетик, асматиктер көп. Сол үшін осы бөлмені ашқанбыз. Өте пайдалы бөлме, асма, лор, тері ауруларына өте пайдалы. Ересек адамдар 40 минут, балалар 30 минут отыру керек. Тұз өзіміздің Қызылорданың тұзы иодталмаған «Ауыл аманаты» бағдарламасымен биыл облыста тағы да 816 жоба қаржыландырылмақ. Нәтижесінде 864 жаңа жұмыс орны ашалады деп күтілуде. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par