Suivant

Белкөлдіктер бизнеске бет бұрып жатыр

07/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Белкөл кентіндегі Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелеріне биыл электр желісі тартылып, Әбдіқадыров көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынады. Былтыр 2 көше асфальттанып, 6 көшеге қиыршық тас төселді. Кентте кәсіпкерлік саласында да толымды тірліктер бар. Мәселен, өткен жылы 125 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, жыл басынан бері 11 тұрғын бизнеске бет бұрды. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі төмендеген. «Бизнес-Бастау» бағдарламасы аясында 10 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізсе, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жалпы құны 18,6 млн теңгені құрайтын 3 жоба қаржыландырылды. ЖАСҰЛАН СӘДУ – БЕЛКӨЛ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ Қызылорда өңірлік инвестиция орталығы арқылы жеке кәсіпкер «Ізбасқанова Майра» кір сабын жасап шығару жобасына құрал-жабдыққа 4 млн теңге алынды... Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant