БИЫЛ 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ТАБЫСТАЛАДЫ
Өткен жылы Қызылорда облысы тұрғын үй салу көрсеткіші бойынша өңірлер арасында үшінші орынға тұрақтады. Жыл көлемінде 4 мың 108 пәтерлік 300 тұрғын үй салынған. Жалпы, жыл көлемінде құрылыс жұмыстарына бас-аяғы 183 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Оның ішінде 2400-ге жуық пәтер табысталып, 11 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын таппақ. Әзірге республикалық бюджеттен 296 пәтер сатып алуға 3 млрд 700 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Дегенмен құрылыс қозғалысы мұнымен тоқтап қалмайды. Басқарма басшысының айтуынша, жыл көлемінде мыңға жуық пәтер түрлі қаржы көздері арқылы тұрғындарға табысталмақ. Олардың көбі арендалық негіздегі үйлер. Яғни, баспанаға қол жеткізген азаматтар коммуналдық төлемдерін ғана өтеп отырады. Брифинг барысында өткен жылы ел игілігіне берілген әлеуметтік нысандар да сөз болды. ЕРЛАН ТӨРӘЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /Облыс әкімінің қолдауымен өткен жылы бірнеше әлеуметтік маңызды жобалар ел игілігіне табысталды. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 4 іргелі мектептің жанынан 2 000 орынды құрайтын қосымша ғимараттар салынды. Мақсатымыз, біріншіден балалардың үйінен мектепке қатынауына жақын және ыңғайлы. Екіншіден, бюджет қаражаттарын үнемдеу/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/