Биыл 11 ауылда амбулатория салынады
Биыл өңірде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 11 медициналық нысан салынады. Сондай-ақ Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханалары «көпбейінді аудандық орталық аурухана» болады. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдегі осы және өзге де өзекті мәселелер қаралды. Облыста өткен жылы ұлттық жоба бойынша 15 дәрігерлік амбулатория мен 1 медициналық бекет салынып, ел игілігіне берілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Атап айтсақ, 11 елді мекенде ауылдық амбулатория салынады. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарын мерзімінде бастап, сапалы аяқтауды тапсырды. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ Мен бұған дейін барлық салынатын нысандардың халыққа жайлы, ыңғайлы жерде орналасуын үнемі тапсырып келемін. Аудан әкімдері биылғы жылы салынатын медициналық нысандардың елдімекеннің орталығында және инженерлік инфрақұрылымға жақын жерден болуын қамтамасыз етіңіздер Тағы бір жаңалық. Биыл Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханалары «Көпбейінді аудандық орталық аурухана» деңгейіне ауыстырылады. Денсаулық сақтау нысандары Ұлттық жоба аясында медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ Қазіргі таңда Шиелі, Жаңақорған аудандық көпбейінді ауруханаларына қосымша құрылыс жобасы мемлекеттік сараптама қарауына енгізілген. Ал, Арал, Қазалы аудандары бойынша жобаларды наурыз айында мемлекеттік сараптама қарауына енгізу жоспарлануда. Олжас Ермекұлы, жобаларға жеделдетіп мемлекеттік сараптама қорытындысын алуды және салалық министрлікпен қосымша құрылыс жұмыстарын келер жылға қалдырмай биыл толық аяқтау мүмкіндіктерін пысықтаңыз Мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Бағдарлама бойынша былтыр облысқа 3 млрд теңге бөлініп, 406 жоба қаржыландырылған. Ал, биыл 5,7 млрд теңге қаралған. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы ірі жобаларды несиелендіріп, өнім өндіруге басымдық беру керектігін айтты. Жиында сондай-ақ жылу беру маусымының өту барысы және әлеуметтік нысандардың жылу желісін газға ауыстыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да тыңдалды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/