Suivant

Брейкинг Париж Олимпиадасының бағдарламасына енді

20/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Әлем көз тіккен Париж олимпиадасына 8 күн қалды. Бұл жолғы дода жаңа спорт түрлерінің қосылуымен ерекше. Солардың бірі – брейкинг. Бір орында шыр көбелек айналып билеу 2020 жылы ресми олимпиадалық спорт ретінде танылды. Артынша биылғы олимпиадаға енгізілді. Жаңадан қосылған бұл сайыста ел намысын Амир Закиров қорғайды. Жалпы Қазақстан қоржынында 25 спорт түрінен 80 спортшыда 92 лицензия бар. Ең көп лицензияны боксшылар жеңіп алған. Ал, 54 қазақстандық атлет жазғы ойындарға тұңғыш рет қатысқалы отыр. Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет командалық жарыста бақ сынайды. Қазақстан олимпиадалық құрамасының сапында жазғы ойындарға төртінші рет қатысатын екі спортшы бар. Олар – жеңіл атлет Ольга Сафронова мен академиялық есу шебері Владислав Яковлев. Франция Астанасындағы спорт додасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қызығы сол,доданың ашылу салтанаты тұңғыш рет су үстінде өтеді. 26 шілдеге жоспарланған шараға 300 мыңдай адам жиналады деп болжанып отыр. Бұл үшін Сена өзенінің жағалауы бір жыл бойы тазартылыпты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant