Suivant

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ЖЫМҚЫРҒАН

26/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Арал ауданында мектеп есепшісіне бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылуда. Ол өз есепшотына алты ай бойы негізсіз қаржы аударған. Шығын 16 млн теңгені құрап отыр. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде 33 жастағы күдіктінің бірнеше есе артығымен еңбекақы алып келгені белгілі болды. Ол өзінің қылмысын толығымен мойындаған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. ЕРБОЛАТ КҮЗЕМБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ «Арал ауданы бойынша білім бөлімінің №260 орта мектебінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2023ж. және 2024 жыдың 6 айында аталған мектептің бас есепші өзінің карт. шотына 16 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын негіссіз аударып алғандығы анықталды. Біз анықтаулар бойынша тексеруге шығамыз, оған дейін бізге арыз түскен жоқ. Жалпы ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі бар. Сол жерде орын алған мәліметтерге байланысты мұғалімдердің қаражаты белгілі болады, егерде артық қаржы аударғаны көрінсе, тексеру жұмыстарын жүргіземіз». Айта кету керек, бюджет қаражаты бір тиынына дейін мақсатты жұмсалуы тиіс. Осы орайда қазіргі таңда мониторингтік топтар құрылып, мемлекет қаржысының талан-таражға түспеуі жіті бақылауда. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant