Suivant

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ АХУАЛ

29/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында өңірдегі білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы кеңейтілген мәжіліс өтті. Онда білім саласының күрделі әрі ауқымды мәселелері қаралды. Мәжілісте аймақ басшысы бүгінгі шұғыл өзгерістерге толы кезеңде білім мен біліктілік мемлекетіміздің басты ұстанымы екенін, сол білім саласына бюджеттің басым бөлігі бағытталатынын, бар жақсылық балаларға деген ұранмен мектеп ұлт келешегінің ұйытқысы болуына бар күш-жігер біріктірілетінін айтты. Алайда бәрі бәрекелді емес, әттегенайлар да бар. Мұғалімдер жалақысы өсті, әлі де өсе бермек, ал жауапкершілігі ше? Талап пен міндет, тәртіп пен әдеп уақыт озған сайын артуы тиіс. Бұл бәсекеге қабілетті болуды көздеген кез келген қоғамның көздегені. Бірақ, бәрі сол көздегеніміздей емес, өздегенімен кеткен етектен тартар деректер дендеген: Педагог шеберлер аз. Ал, ауданда тіпті тапшы. Басқа аймақтармен салыстырғанда бұл тұста ұяттымыз, бар-жоғы олардың саны облыста 30. Кәсіби даму тежеліп тұр. Оның орнына арыз-шағым көп. Кейбір ұжымдағы ахуал бетті бастым, қатты састым сыңайда. Мектептерде кәсіби психолог тапшы. Тәрбие мамандарының біліктілігі көтерілмегеніне көп жыл болыпты. Көне ереже, көмескі тартқан тараулары бар құжаттармен жүріп жатыр. Содан да болар бәлкім, ата-ананың бар міндетті мұғалімдерге артып қоя салуының салдары да болар, әйтеуір жасөсіпірімдер арасында білім, спорттың бәсекесі емес, топтық төбелесі етек алған. Жиын екі сағаттан астам уақытқа созылды. Мінбеде мін де, пікір де айтылды. Ендігі кезекте «айтылды-сол жерде қалды» емес, «айтылды-орындалды» формуласы іске асуы тиіс. Білім басқармасының басшысы 10 күн ішінде осы бағыттағы жоспар-жобасын облыс әкіміне баяндамақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant