Suivant

БІР КҮНДЕ 5 АУЫЛДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

29/12/23
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жаңа жыл қарсаңында шалғайдағы елдімекен тұрғындары қуанышқа кенелді. Арал мен Қазалы аудандарында бір күнде 5 ауылдық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Солтүстік аудандарға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа нысандардың ашылу рәсіміне қатысты. Облыс әкімі алдымен Арал ауданындағы Бөген және Қызылжар ауылдарына барды. Екі ауылдың да емдеу нысандары және материалдық-техникалық базасы әбден ескірген. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында осы екі елді мекенде жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Нұрлыбек Нәлібаев аралдықтардың қуанышына ортақтасып, денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Облыс орталығында құны 36 млрд. 500 млн.теңге тұратын көп салалы, көпбейінді онкологиялық орталығы бар, бір мезетте 100 келушіге арналған емхнасы бар аурухананың құрылысы салынуда. Олда алдағы екі жыл ішінде ел игілігіне пайдалануға берілетін болады. 2 млр. 900 мың теңгеге қан орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Келесі жылы 12 өңірде ана мен бала орталықтары салынатын болады. Соның біреуі біздің Қызылорда қаласында бой көтеретін болады. Жаңа емдеу мекемесінде дәріханалық бекет, қабылдау мен оқшаулау бөлмесі, лаборатория, физиотерапиялық және күндізгі емдеу кабинеттері бар. Бір мезетте 20 науқасты қабылдап, 14 тұрғынға күндізгі стацинарлық ем көрсетуге мүмкіндік жасалған. Ем алушыларға жалпы тәжірибе дәрігері, медбике, зертханашы қызмет көрсетеді. СНХ: АНАРБЕК САҒИДАНОВ – БӨГЕН ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫ АҒА ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ // Бөген дәрігерлік амбулаториясында 22 қызметкер жұмыс жасайды. Жана нысан ашылуына байланысты 3 жұмысшы қосылды. /Және де бізге Көктем елдімекені, Қарашалаң елдімекені біздің амбулаториға келіп ем алады. ҚАЗАЛЫ Дәрігерлік амбулатория Қазалы ауданы, Абай ауылында да пайдалануға берілді. Заманауи үлгідегі емдеу мекемесін ауылдағы ағайын көптен күттік дейді. АҚШАГҮЛ ҚЫЗЫЛБАЙ – АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ //Адамның байлығы денсаулық деген ғой. Бұрын ауылымызда шағын ғана емханамыз бар еді. Ішінде көп жабдығы жоқ. Ауырып бара қалсақ мүмкіндігіміз бола қоймай, ауданға барамыз. Мінекей енді үлкен амбулаториямыз ашылып, еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін қуаныштымыз. Бозкөл ауылдық округінде де дәрігерлік амбулатория ашылды. Алдына келген науқастың дертіне дауа тауып, алғыс арқалап жүрген Айжамал Мұсабаева жаңа ғимаратқа көшкеніне дән риза. «Себебі, 36 жылдан бері ескі ғимарат еңсемізді басып тұратын» дейді. Қызылқұм ауылдық округі тұрғындарының да тілегі орындалып, жаңа амбулатория ашылды. Айта кетейік, облыста ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту мақсатында жылжымалы медициналық кешен жолға шықты. Заманауи технологиялармен жабдықталған көлік Қазақстан халқына қорынан бөлініп отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant