Suivant

Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу

02/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Сыр елінде мазмұнды басқосу өтті. Бірлік, жасампаздық, өрлеу деп аталған іс-шарада ел азаматтарының сындарлы сәттегі ынтымағы, су басқан аймақтардағы ерлікке тепе-тең еңбегі, қайырымдылыққа жұмылған жанашырлық қасиеттері дәріптелді. Елдегі ахуал ешкімге оңай соғып тұрған жоқ. Биылғы көктем үлкендер айтқандай, алабөтен сипатта келді. Сыр елі де сындарлы сәтте жұдырықтай жұмылып, барлық іс-шараның басында жүр. СНХ: НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ 03:05-03:49 Тілші: Қызылордалық құтқарушылар белуардан су кешіп, сол су басқан аумақтарда күн-түн демей қызмет етуде. 200-ден астам техника тағы бар. Еріктілер жасағы және жүр. Гуманитарлық жүктер лек-легімен ағылып жатыр. Осының бәрі бір ел, бір тағдыр екенін танытып тұр. 1 мамырдан бастап еліміз бойынша судан зардап шеккен өңірлерге практикалық көмек көрсетуге бағытталған «береке – бірлікте» акциясы бастау алды. «бізді орыс, кәріс, неміс деп бөлудің қажеті жоқ, бәріміз қазақ елінің біртұтас азаматымыз, мүддеміз бір», - дейді жерлесіміз Е.Рыбина ИРИНА ШЕК – ҚХА МҮШЕСІ, НЕМІС ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ //Біз, облыстағы 11 этно-мәдени орталықтың өкілдері, әркез елдегі барлық саяси реформалардың, мәдени-көпшілік іс-шаралардың ортасынан табылып келеміз. Және өз кезегінде жас буынға жаңа Қазақстанның әділдікке бет бұрған концепциясын ұғындырудамыз. Ол – халықтың татулығы, заңды құрметтеу, кәсіби маман болып қалыптасу, мемлекетке адал қызмет ету, жаңашылдыққа ұмтылыс, жанашырлық. Мұның бәрі Ел Президенті ұлттық құрылтайда басымдық берген құндылықтар. Қазір бәрімізді мазалап тұрған мәселе – ол су басқан аймақтардағы халықтың жағдайы, бірге қиналдық, бір ел болған соң белді бекем буып, қолдан келген көмекті көрсетіп жатырмыз, осы күнге дейін аймақтағы ассамблея атынан 2 мәрте 4 тоннадан астам гуманитарлық көмек аттандырдық. Бәрін айт та бірін айт, мемлекеттің өркендеуі халықтың бірлігімен біте қайнасқан. Сол ынтымақ-бірлігіміз нығая берсін!/ Аймақ басшысы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлері Асылбек Жұмабаевты мерейлі 75 жасымен, Галия Гизатуллинаны 70 жасымен құттықтап, облыстың Құрмет грамотасын тапсырды Сонымен қатар сын сағаттарда бірліктің үлгісін көрсеткен бейбт күннің батырларына Алғыс хат тапсырылды. ЮРИЙ КИМ – ҚХА МҮШЕСІ, СПОРТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ //Барлық тірліктің арқауы – бірлік! Дәл осындай 1 мамыр – халық бірлігі мерекесіне лайық әлемде ешбір ел жоқ дер едім! Тарихты ешкім ұмыта қойған жоқ шығар: Қазақстан депортация кезінде мыңдаған ұлыс өкілін бауырына басқан пейілі кең мекен. Мұндағы халық достықты құрметтеп, татулықты бірінші орынға қояды. Біздің мықтылығымыз да осы бірлігімізде емес пе?!/ ГАЛИЯ ГИЗАТУЛЛИНА – ҚХА МҮШЕСІ, ТАТАР ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ /Есімде, 1995 жылы республикалық қазақстан халық ассамблеясының алғашқы сессиясы өтті. Кейін ол дәстүрге айналды. 1 мамыр қарсаңында өтетін. Биыл, өкінішке орай, біз бір-бірімізбен онлайн түрде жүздестік. Оның себебі де түсінікті: елдегі күрделі кезең той тойлайтын емес, ертеңімізді ойлайтын сындарлы сәт, халықты бірлікке ұйыстырды, осындай бірлігі бекем еліміз болғанына қуанамыз!/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant