Suivant

Бүгін – судья және сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

25/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгін – судья және сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1992 жылы дәл осы күні сот жүйесі туралы заңнамаға алғашқы түзетулер енгізілген болатын. Тәуелсіздік алғалы еліміздегі сот жүйесінде реформалау бірнеше кезеңнен өтті. Бүгінде әлемдік стандарттарға сай заманауи сот жүйесін қалыптастыру қарқынды жалғасуда. Cоңғы 5 жылда 35 заң әзірленіп, оның 30-ы қолданысқа енгізілді. Жаңа заңдар адамдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін, сот төрелігі мен сот қызметкерлерінің сапасын арттыруға жағдай жасады, сот жүйесі мен судьялардың тәуелсіздігін нығайта түсті. Бұдан бөлек, саланы цифрландыру мәселесі де бір жолға қойылды. Алдағы уақытта Сыр өңірінде «Сот каникулы» пилоттық жобасы бастау алмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant