Грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім гранттарына құжаттар қабылдау басталды. Бүгінге дейін 1800 талапкер өтінім беріп үлгерген. Білімге құмар жастар құжаттарын электронды үкімет порталы арқылы рәсімдей алады. Сондай-ақ, университеттің бесінші оқу ғимаратында орналасқан қабылдау комиссиясының көмегіне де жүгіне алады. Нұрсұлтан Рақым Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің түлегі. Талапкердің таңдауы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті. Болашақта тарих пәнінің мұғалімі болуды мақсат еткен ол қабылдау комиссиясына келіп құжаттарын өткізді. Жалпы 2023-2024 оқу жылына жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78 мың 219 грант бөлінген. Оның ішінде Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары үшін 3903 грант бөлінді. Негізінен педагогикалық ғылымдар, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларын қамтиды. Сондай-ақ, университетке қос диплом бағдарламасы бойынша да құжат тапсыруға болады. Айта кету керек, шалғай өңірлерден келетін талапкерлерге ыңғайлы болу үшін виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс жасауда. Олар бейнебайланыс арқылы талапкерлерге кеңес беріп, қажетті құжаттарды тапсыруға көмектеседі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/