Гуманитарлық көмек жөнелтілді
Қызылорда еріктілері мен «Зекет және қайырымдылық» қоры бірлесіп, Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелтті. «Күшіміз - бірлікте» акциясы аясында азық-түлік пен киім-кешек, төсеніш заттар мен қажетті құрал-саймандар, сондай-ақ, 3 тоннадан астам күріш пен жеке гигиеналық заттар жиналды. Еріктілердің сөзінше, қызылордалықтар белсенділік танытты. Арасында дәрі-дәрмек әкелгендері де бар. Жіберілген көмектің жалпы салмағы 30 тоннаға жуықтайды. Ұйымдастырушылар материалдық көмек жинау іс-шарасы әлі де жалғасатынын айтты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/