Suivant

Даланың үні - домбыра

09/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Арал ауданында ұлттық домбыра күніне орай облыстық жыр кеші өтті. Мазмұнды шарада өнер құдіретін өміріне балаған, жауһар жырды қастерлеп бағалаған жыр жампоздары өнер көрсетті. Жыр кешін өткізуге аудандағы мәдениет орталығы ұйытқы болды. Шараның шымылдығын Аралдың төл перзенті, «Мәдениет саласының үздігі» белгілі жырау Демеубай Жолымбетов ашып берді. Рухани шарада Айбек Тәңірбергенов, Үкітай Ерниязов, Марат Сүгірбай, Ғанибек Өмірзақов, жыршы Хасенхан Кішкенеев сынды мәдениет майталмандары жырдан шашу шашып, Арал аспанын жырмен тербетті. Сондай-ақ, ауданның жас өнерпаздары күмбірлете күй төкті. Осылайша, ұлттық рух берген ұлттық аспап сән-салтанатымен ұлықталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant