Suivant

Декларация тапсыру жайы түсіндірілді

20/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталған болатын. Ол бойынша жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар және олардың жұбайлары Қазақстанда ғана емес, шетелде де тіркелген мүлігін декларациялауы керек. Декларацияны тапсырудың жолдары семинар барысында түсіндірілді Кездесуге әр түрлі салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер, заңгерлер мен есепші мамандар қатысты. Іс-шараны қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы ұйымдастырып отыр. Жалпы, аймақта 15-қыркүйекке дейін 36 246 дара кәсіпкер №270-ші нормадағы декларацияны тапсыру керек. Онда құны 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын барлық мүлікті көрсету шарт. Биыл бұл сома 3 692 000 теңгені құрап отыр. Айта кететін жәйт, мемлекет базасында, Қазақстанда тіркелген жылжымайтын мүлік пен автокөлікті декларацияға енгізудің қажеті жоқ. АШРАФ ЖҮСІПОВ – ҚАЛАЛЫҚ МКБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /Осы жиынымыздың мақсаты жалпыға бірдей декларацияны табыс ету. Салық төлеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Қазіргі шараға 150 дара кәсіпкер шақырылды. Декларациялаудың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және деке тұлғалардың мүліктері мен кірістерін бақылаудағы жұмыстар бойынша жүзеге асырылады. Барлық жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар табыс етуге міндеттелген. Декларациялаудың мерзімі 15-қыркүйекке дейін деп белгіленіп отыр. Барлық дара кәсіпкерлерді табыс етуге шақырамыз/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant