Suivant

Демеу Жадыраев финалда! | Олимпиада ойындарының күнделігі | 07.08.2024

07/08/24
Qazaq TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгін грек-рим күресінен сынға түскен Демеу Жадыраев 77 келі салмақтың алтын жүлдесін сарапқа салады. Алғашқы белдесуін ол колумбиялық балуан Хаир Алексис Куэро Муньоспен өткізді. Бірінші кезеңнен-ақ қазақстандық балуан басым түсіп, 8-0 есебімен алға шықты. Нәтижесінде белдесу уақытынан бұрын 9-0 есебімен аяқталып, жерлесіміз жеңіске жетті. Жадыраев ширек финалда алтынға басты үміткер саналып келген қырғызстандық балуан Ақжол Махмудовпен күресті. Бірінші кезеңде Махмудов есеп ашып, кейін тағы 6 ұпай алды. Алайда, қарсыласының ереже бұзғаны туралы Жадыраевтың шағымынан кейін, Махмудовтың ұпайлары есепке алынбады. Осыдан соң, екінші кезеңде біздің балуан 3 ұпай алды. Нәтижесінде, ол қарсыласын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Айта кетейік, Ақжол Махмудов Токиода өткен Олимпиаданың күміс медаль иегері, екі дүркін әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы. Ал, жартылай финалда қазақстандық балуан әзербайжан үміті Санан Сүлеймановпен белдесті. Жекпе жектің нәтижесінде Жадыраев жеңіске жетіп, финалға шықты. Шешуші жекпе-жек бүгін өтеді. Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов жарыстан шеттетілді. Ол 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысынан жұбаныш кезеңінде сынға түсуі керек болған. Алайда, ол жүгіруді уақытынан ерте бастап кетіп, ереже бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді. Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын жаңартты! Парижде өтіп жатқан олимпиадада ерлер арасында спорттық құзға өрмелеу бәсекесі басталды. «Жылдамдық» дисциплинасының өкілдері медаль үшін жарысқа түсті. Спорттың осы түрінде Маймұратов алғашқы реттен ақ рекорд орнатты. Ол межеленген биіктікке 4, 89 секундта өрмелеп жетті. Олимпиаданың осыған дейінгі рекордынан біздің отандасымызға дейін сынға түскен екі спортшының көрсеткіші асып түскен болатын. Бұл айналымның қорытындысымен турнирдің алдағы кестесі жасақталды. Әмір 8 тамызда өтетін ширек финалға өтті. Плей офф аясында ол оңтүстік африка республикасының спортшысы Джошуа Брюнсті жеңді. Үш мың метрге кедергілермен жүгіруден сынға түскен Нора Джеруто париж олимпиадасын тоғызыншы орынмен аяқтады. Қазақстандықтар жүлде күткен жеңіл атлет сәтсіз өнер көрсетіп, үздік үштіктен тыс қалды. Осылайша еліміз жеңіл атлетикадан жүлдесіз қалды. Ал, бокстан елу келіге дейінгі салмақта сынға түскен Назым Қызайбай қола жүлдеге ие болды. Жартылай финалда ол қытайлық Ю Вуға жол берді. Дегенмен, бұл Назымның олимпиададағы алғашқы жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық былғары қолғап шебері екі мәрте әлем чемпионы атанған. Айта кетейін, Назымның қола медаль қазақстандық боксшылардың Париж олимпиадасындағы алғашқы жүлдесі. Біздің жобаларға жазылыңыз: @JibekJolypodcast @JibekJolyMusic @JibekjolyNews @Kazinform Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! Біздің өзге де бағдарламаларымыз: Жаңа түнгі студия: https://www.youtube.com/playlist?list=PLODSPLCgl5GiGQraJokolZNKIev0buXUb «Мархабат» бағдарламасы: https://www.youtube.com/watch?v=WKE0LWIptls&list=PLODSPLCgl5GgbozvjnJK-2NEOoCT4IAZm Төрлетіңіз! Арман&Ләйлә шақырады: https://www.youtube.com/watch?v=JsB9JvMJlxc&list=PLODSPLCgl5GhBLRXISbmZ-EaIrTPEyMFS Jibek Joly TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте ваши комментарии под этим видео. Смотрите наши топовые шоу: «OZGER»: https://www.youtube.com/watch?v=Hw71fb7qq-A&list=PLODSPLCgl5Gj6TmskWdD2O4H6kWQDAueX «Мужской разговор»: https://www.youtube.com/watch?v=IWKmD08l3YU&list=PLODSPLCgl5GhWUYqeyIwLNTQT3_eu72nV «Наша история»: https://www.youtube.com/watch?v=x-qNURfP76o&list=PLODSPLCgl5GjIQM8_c7Y1InJJ3QLx-_xI #jibekjolytv # #

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant