Suivant

Денсаулық апталығы

28/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Өңірде репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр. Соның аясында аймақ тұрғындары білікті мамандарға жүгініп, тегін медициналық көмектер ала алады. Бұл іс-шара жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды болдырмауға, ер мен әйелдің денсаулық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ, жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алуға бағытталған. Акцияға мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Мамандардың сөзінше, мұндай апталықтың ұлт саулығын нығайтуға ықпалы зор. ГҮЛНАР ЖҰМАШЕВА – ОБЛЫС ӘКІМДІГIНIҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР IСТЕРI ЖӨНІНДЕГІ ШТАТТАН ТЫС УӘКІЛI //Апта аясында денсаулық сақтау орындарында ашық есік күндері, жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер және кеңестер ұйымдастырылады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant