Suivant

Денсаулық сақтау саласының дамуы

15/08/24
Aqtóbe tv
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл денсаулық сақтау саласында үш жарым миллиард теңгедей қаржыға 24 нысан салу жоспарланған. Оның басым бөлігі ауыл медицинасын жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба аясында. Қазір ауыл аймақтарда 21 құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Материалдық базаны нығайту үшін төрт миллиард теңгедей ақша бөлінді. Иә, Медициналық жабдықтың да жетпейтіні көп. Мәселен Қобда ауруханасы үшін өкпені жасанды желдету аппараты, Ембіге жылжымалы шам, Ырғызға төсек жанындағы монитор, Темірге неонаталдық үстел, Шалқарға рентгендік диагностикалық кешен, Мәртөкке жаңа туған сәбилер үшін инкубатор, Қарғалыға КТГ аппараты қажет. Бұл тізімді айта берсең бітер емес. Қысқасы облыс медицинасы техникамен 77 пайыз жабдықталса, оның 45 пайыздан астамының тозығы жеткен. Ал, құрылысқа келсек, қаржы бөлінді, жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен, Ұлттық жобаны іске асыруда проблема бар. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant