ДЕПУТАТ ГАЗ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Өңірге іс-сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Мақат ауданы, Ескене елді мекеніндегі Газ өңдеу зауытының құрылысымен танысты. Жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін зауыттың құрылысы 2021 жылы басталған. Аталған зауыт Каспий қайраңындағы «Қашаған» кенішінен шығатын ілеспе газды кәдеге жаратуға арналған. Кәсіпорыннан болашақта 727 млн текше метр пропан, бутан секілді тауарлы газ, 218,5 мың тонна түйіршіктелген күкірт шығатын болады. Заманауи технологияларға негізделген жобаның құрылысы 2025 жылдың жазында аяқталуы тиіс. Қазір мұнда 700-дей адам еңбек етіп жатыр, оның ішінде 400-і құрылыс басында. Ал жоба аяқталған соң жалпы 2000 адам жұмыспен қамтылып, 600 адам тұрақты еңбекке орналастырылмақ. Жоба жетекшілерімен жүздескен Мәжіліс депутаты еліміз бойынша газ өнеркәсібі саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Қашаған» кенішінен шығатын ілеспе газдың құрамында 17 процент күкірт сутегі бар. Мақсат - сол зиянды қалдықтарды тазалап, кәдеге жарату,- дейді жоба өкілдері. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO