Suivant

Депутат: Жетім балаларға баспана берудің арнайы бағдарламасы қажет

07/11/24
Khabar 24
Dans Asie / Kazakhstan

Сенат депутаты Геннадий Шиповских осылай деп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Сенатордың айтуынша, жетім балаларға баспана алуда жеңілдік қарастырылғанымен, кәмелетке толғандардың бәріне бірдей пәтер беріле бермейді. Мәселен, статистикаға сүйенсек, 2022 жылы кезекте тұрған 61 471 жетімнің 852-сі ғана баспана алған. Ал 2023 жылы 62 290 мұқтаж адамның 809-ы ғана тұрғын үйге ие болды. Депутат көптеген жетім оқу орнынан кеткеннен кейін, болашақ өмірін қалай жалғастыру керек екенін білмейтінін атап өтті. Осыған байланысты ол білім алуға мүмкіндік беру үшін колледждер мен жоғары оқу орындарындағы жетім балаларға арналған грантқа квотаны ұлғайтуды ұсынды. #жетім #бала #баспана #хабар24

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant