Suivant

ДЕПУТАТ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАБЫН ТЫҢДАДЫ

06/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаев Тасбөгет кентінің тұрғындарымен жүздесті. Жиында жұртшылық әлеуметтік мәселелер төңірегінде сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Тасбөгеттіктерді толғандырған басты мәселенің бірі кент маңында орналасқан кәріз суын тазалауға арналған сүзгі алаңының жай-күйі. Мұндағы қолаңса иіс жаз айларында бүкіл аумаққа жайылады. Кәріз суын тазалауға арналған станция 2013 жылы пайдалануға берілген. Содан бері тұрғындардың тынысы тарылды. Олар бұл мәселені жауаптыларға бірнеше мәрте ескертіпті. Бірақ әлі күнге дейін шешім таппай келеді. Таза ауамен тыныстауды арман көрген жұртшылық жанайқайын мәжіліс депутатына ашық айтты. Ержан Алмабекұлы жағдаймен жіті танысып, сүзгі алаңын басқа аумаққа көшіруге ықпал жасайтынын жеткізді. ЕРЖАН БЕЙСЕНБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ //Бұл туралы әкімдіктен жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Қазір сараптамаға берілді, егер сол сараптамадан шығатын болса қаражат бөлуге жіберілетін болады. Оны 2024 жылдың соңы немесе 2025 жылдың басына дейін ол қаражатты қарастыратын боламыз. Басқа да айтылып кеткен сұрақтар мен өтініштер бар. Ол жол, мектеп және де жаңа емхана салынса деп жатыр/ КҮНҚАБЫЛ БАЙНАЗАРОВ – КЕНТ ТҰРҒЫНЫ //Осы көл неше жылдан бері халқымызға зиянын тигізіп, балаларымыз жиі ауырып жатыр. Далада ойнай алмай қалады жазда. Осы жағдайымызбен көп жерден көмек сұрадық. Бүгін енді депутаттар келіп, көріп, көмектесеміз деп жатыр...// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant