Дзюдо қарқынды дамып келеді
Айқын мақсат алға жетелейді. Біздің келесі сюжетіміз спортты серік еткен жеткіншектер туралы болмақ. Тасбөгет кентіндегі №5-ші спорт мектебінде биыл дзюдомен шұғылданатындар қатары айтарлықтай көбейген. Спорт болған соң жеңіліс пен жеңіс қатар жүреді. Татами үстіндегі жас палуандар бақ пен бап шабар сәтте тайсалмау керектігін жақсы түсінеді. Сондықтан күнделікті жаттығуларды қалт жібермейді. Оның үстіне дзюдодан ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада Чемпионы Елдос Сметовтің жеңісінен кейін ауыл балаларының спорттың бұл түріне деген құлшынысы мен қызығушылығы арта түсіпті. Солардың бірі талабы таудай Нартай. 15 жастағы спортшы бұл залға інісімен бірге келеді. НАРТАЙ АЙДАРБЕК – СПОРТШЫ // Маған дзюдо күрес түрі техникасымен ұнайды. Алғашында әкем әкелген мені. Бізде аптасына 5 рет болады жаттығу. 6-шы, 7-ші күні демалыс. Өзіме 5 күні іштегі схватка ұнайды. Жақында ғана Талдықорған қаласында жарыста үшінші орын алдым, одан кейін Қазығұртта тағы үшінші орын алдым, облысты бір алдым. // Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/