Suivant

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ: ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ БІРІНШІ ТҰРМЫЗ

10/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойыны жалғасып жатыр. Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 25 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте топ басына шықты. Оның 14-і алтын, 3-еуі күміс және 8-і қола медаль. Бізден кейін тізімде Қырғызстан құрамасы тұр. Көрші елдің спортшылары 14 медаль жеңіп алды және оның 3-еуі алтын. Ал жалпы есептегі алдыңғы үштікті Ресей құрама командасы түйіндеп отыр. Олардың еншісінде 3 алтын бар. Одан кейін сәйкесінше, Өзбекстан, Франция, Әзірбайжан, Моңғолия, Венгрия, Грузия және Үндістан елдері жайғасты. Яғни, медальдык есепке әзірге осы елдің өкілдері ғана кірді. Бүгінгі жарыс күнінде көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ және асық атудан іріктеу бәсекелері жалғаспақ. Ал, Қазақ күресі, Садақ ату, Кураш, Аударыспақ, Жамбы ату және Мас-рестлинг бағыттары бойынша кезекті медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant