Дәнімен даңқы шыққан диқан

19/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазалы ауданында есімі еңбекпен танылған жандар аз емес. Солардың бірі – Соцалистік Еңбек Ері күрішші Көлжан Оразалиева. Биыл даңқты диқанның туғанына – 100 жыл. Осыған орай кіндік қаны тамған топырақта мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Көлжан Оразалиева 1924 жылы бұрынғы Калинин, қазіргі Ғани Мұратбаев ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті тәмамдап, іле-шала еңбек майданына кіріседі. Оның жалынды жастық шағы атыз аралап, егіс жағалаумен өтті. Сонау соғыс жылдарында еңбектің қазанында қайнап, табанды тірлік етті. ДӘУРЕН ТІЛЕУІМБЕТОВ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //Қазалының қасиетті топырағында өзгеге өнеге болар, көпке үлгі болар аналарымыз өсіп-өнді. Солардың бірі 100 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған Көлжан анамыз болатын. Көлжан анамыз еңбекпен есейіп, диқаншылықта шыңдалды. Жастарды еңбекке баулып, біраз азаматтарды диқаншылыққа тәрбиеледі. Расымен, даңқты диқанның өткен жолы өнегелі. Табанды тірліктің арқасында ел алғысын иеленді. Небәрі 24 жасында «Социалистік Еңбек Ері» атағын алып, «Ленин» орденін кеудесіне тақты. Кейін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, одан соң бірнеше рет Қазалы аудандық кеңесінің, Калинин ауылдық кеңесінің депутаты болып сайланды. Осы жылдары ішінде күрмеулі мәселелерді шешуге атсалысты. Бейнеттен береке тапқан аяулы жанның құрметінде «Асыл әжем – ардақтым» атты кітаптың тұсауы кесілді. ЫРЫСТЫ ОРАЗАЛИЕВА – К.ОРАЗАЛИЕВАНЫҢ ҚЫЗЫ // Еңбекке араласып, күріш егіп, колохоздың әртүрлі саласында еңбек еткен адам. Оны кішкентайымыздан көріп өстік. Адал еңбек етті. Бәрімізде де адал еңбек етуге үйретті. КҮНДІЛДӘ ТӨЛЕГЕН – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ //К.Оразалиева туралы көп нәрсе айтуға болады. 00:59-/ күріштің өсу дәуірінде көпдеген процес жүреді. Көп нәрсені үйрендік. Күріштің көгін қалай алуды үйрендік. Күрішті суға бастыруды үйрендік. Күріштің түп айыруын үйретті. Еңбекпен ер атанған абзал ананың есімін дәріптеу мақсатында мәдени-танымдық шаралар өткізілді. Ұлттық спорт түрлері ұлықталып, облыстық келіндер байқауы болды. Ұлағатты ұрпақ тәрбиесін мұрат еткен байқау үш кезеңнен тұрады. Жас келіндер өзін-өзі таныстырып, бесік жырын орындап, отбасы құндылығына қатысты көріністер қойды. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесін Ғани Мұратбаев ауылының тұрғыны Мөлдір Ешниязова еншіледі. МӨЛДІР ЕШНИЯЗОВА – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ //Қолымда 70-ден асқан енем бар. 4 балапаным бар. Құдайға шүкір берекелі отбасымыз. Отбасымның ұйытқысы енем. Жоқ жерімізді жеткізіп, бәрімізге жақсы ақылшы. Жоқ жерімізді жеткізіп, ақылын айтып отырады. Бүгінгі байқау өз дәрежесінде өтті деп сенемін. Осылайша болмысында бекзаттық, ісінде ірілік бар Көлжан Оразалиеваның есімі ел жадында жаңғыра түсті. Соңына өшпесі жол салған даңқты диқанның еткен еңбегі әлі талай аңыз болып айтылары сөзсіз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par