Дәрігерлердің қателігі үшін зардап шеккен науқасқа ақы төленеді
Енді елімізде дәрігерлердің қателігі үшін зардап шеккен науқасқа ақы төленетін болды. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заң 23-інші қазанда күшіне енді. Бұл халықаралық тәжірибеде бар, қолданыс аясы кең институт. Оның аясында медициналық ұйымдар және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Медициналық қызмет кезінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болу-болмауы туралы шешімді тәуелсіз сараптама комиссиясы қабылдайды. Бірақ дәрігерлердің салғырттық танытқаны немесе қасақана зиян келтіргені дәлелденсе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл заң бұзушылыққа қатысты бап өзгеріссіз қалды. СЕРІКБОЛСЫН ТЕМІРХАНОВ - ҚР ДСМ ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ //Барлық сақтандыру жарнасына берілетін қаражат мемлекеттен беріледі. Екінші кезекте дәрігерлердің қалтасынан ақша төленбейді. Сақтандыру жарнасының мөлшерлері кодексте белгіленген. Егер өлімге алып келсе 3 мың АЕК. Мүгедектікке алып келсе 500-800-ге дейін. Сонымен қатар, мүгедектікке дейін 300 АЕК дейін белгіленген. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/