Suivant

Дәстүр дәріптеліп, ұлттық құндылықтар ұлықталды

16/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жалағаш ауданында ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған «Көне дәстүр күмбезі» атты фестиваль басталды. 10 күн тойланатын Наурыз мерекесінде ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып қайта жаңғырмақ. ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ-ТІЛШІ Елімізде Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз мерекесі биыл ерекше форматта, кең көлемде аталып өтеді. Қазақтың салт дәстүрі мен әдет-ғұрпы дәріптеліп, төл өнері, мәдениеті паш етіледі. Міне, осы Наурыз мерекесінің бастауы Амал мерекесін жалағаштықтар орталық алаңда сән салтанатымен тойлады «Амал келді, жыл келді!». Иә, Амал мерекесі - Наурыздың, жаңа жылдың, жаңа күннің бастауы. Жердің тоңы жібіп, көктемнің лебі сезілген бұл күнді жалағаштықтар ерекше қарсы алды. АРДАҚ ИБРАИМОВ – АУДАН ӘКІМІ Тарихтан сыр тартқан, халқымыздың көне салт-дәстүрлерін, ғибратты тұрмыс-тіршілігін айшықтайтын амал күнін тойлау бүгінгі күні тамырын тереңге жайған оң үрдіске айналды. Амал мейрамы – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын таразы. Осындай игілікті сәтте отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін Мерекеге орай аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама қойса, қолөнер шеберлері өздерінің жасаған туындыларын көпшілік назарына ұсынды. «Ұлттық стиль» деп аталатын көрме-жәрмеңке 10 күн бойы ұйымдастырылады. «Көне дәстүр күмбезі» атты фестивальде Аққыр ауылдық клубы жанынан құрылған «Бал-бала» шулы аспаптар ансамблінің тұсауы кесілді. Домбыра, сыбызғы, сазсырнай секілді аспаптарды меңгерген талантты балақайлардың өнеріне көрермен тамсанып, ерекше қошемет көрсетті. Ал, аққұмдық әжелер ауылдың алты ауызын айтып, шараның шырайын келтірді. «Әжелер» ансамблінің мүшелері бесаспап. Жүн түтіп, киіз басады, қыз жасауынан бастап көрпе-жастық, ұлттық киім, кәдесыйларға дейін тігеді. Түрлі саладан зейнетке шыққан ақ жаулықтылар өздерінің бар білгенін ізіне ерген қыз-келіншектерге үйретіп жүр. БОТАКӨЗ ӘПЕНОВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ Осы әжелерімізден көрген білгендерімізді үйреніп, өзімізден кейінгі жастарға үйретіп жатқан жайымыз бар... Ауылдық клуб жанында аспазшылар үйірмесі де жұмыс істейді. Мұнда кәсіби мамандар жас келіндермен қыздарға шеберлік сағатын өткізіп, қазақтың ұлттық тағамдарын пісіруді үйретеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant