Suivant

Дәулет Мұқаев: Менің балконымда мемлекеттік ту ілініп тұрады | Жақсы адамдарым

26/10/24
Qazaq TV
Dans Asie / Kazakhstan

1990 жыл... 25 қазан... Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Егемендік туралы декларация қабылданған күн. Бұл декларация – Қазақстан тәуелсіздігінің іргетасы, қазақтың арманы жазылған ерекше құжат, Ата Заңымыздың негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы араға 14 жыл салып қайта оралған Ұлттық мереке – Республика күні қалай атап өтілуі тиіс? Бұл мереке елдің рухын көтеретін, бүкіл елді ұйыстыратын жалпыұлттық сипат алуы үшін не істеу керек? Елімізде соңғы жылдары түбегейлі жаңғыру, ірі саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Осы ретте Жаңа Қазақстандағы жаңа бастамалар туралы сарапшылар пікірі қандай? Қазақстанның үлкен спорттағы жетістігі, халықаралық аренадағы имиджі қандай? «Жақсы адамдарым» бағдарламасының Республика күніне арналған мерекелік шығарылымына Ұлттық құрылтай мүшелері, Парламент депутаттары, елге белгілі тұлғалар, қоғам белсенділері, өнер майталмандары келіп ой-пікірін ортаға салды, ән-шашуын арнады. Біздің жобаларға жазылыңыз: @JibekJolypodcast @JibekJolyMusic @JibekjolyNews @Kazinform Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! #jibekjolytv # #

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant