Екі мемлекеттік қызметшінің тәртіптік ісі қаралды
Әдеп жөніндегі кеңес қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Бодановты лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізуді қажет деп шешті. Сондай-ақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік шара көрілді. ҰЗАҚБАЙ ДӘУҚАРАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ Бөлім басшысы Боданов тарапынан лауазымды нұсқаулықта көзделген функционалдық міндеттерінен тыс лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану арқылы 2022-2023 жылдар аралығында қызметкерлерді конкурссыз өз бұйрығымен тікелей пән мұғалімі және директордың орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдағаны анықталды ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ Мемлекеттік қызмет туралы заңның 50 бабы 1 тармақ, 4 тармақшасы бойынша екі түрлі тәртіптік жаза қарастырылған. Қызметіне толық емес туралы ескерту немесе лауазымынан босату.... Ал, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Дархан Бақтияровқа тәртіптік шара көріледі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/