Ел біріншілігі аяқталды
Волейболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Қызылордада өткен тоспа доп тартысы туралы тілші бейнематериалында. Тоспа доп тартысына 2006-2007 туған жасөспірімдер қатысты. Бұл жас ерекшелігі волейболда алтын кезең саналады. Өйткені кәсіби клубтарға жолдама алып, жақысы ойын көрсетсе облыс, тіпті, ел құрамасына шақырту алатын шақ. Сондықтан, дәл осы жарысқа ойыншылардан бастап, бапкерлерге дейін айрықша дайындықпен келеді. Бұ жолы да солай. Ойнаған 11 команданың осалы жоқ. Бәрі де өз өңірлерінің мықтылары. Кіл мықты кім мықтыны анықтайтын сәтте әр партияның әділ әрі кәсіби өтуі маңызды. Сол себепті, ойынға жоғары дәрежедегі төрешілер тартылды. Ал, ойындар олимпиадалық жүйемен өтті. Үздіктері плей-оффқа жолдама алып отырды. Жартылай финалға Қызылорда, Шымкент, Буревестник және Жетісу командалары шықты. Төрттіктің ішінен Жетісу-2 және Буревестник ойыншылары ақтық ойынға өтсе, Шымкент пен Қызылорда қолаға таласты. РУСТАМ БУГАЕВ – «АЛМАТЫ» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ /Бұл ойынға тыңғылықты дайындықпен келдік. Жақсы ойын көрсетеміз деп сенеміз. Әрине, ақтық ойынға дейін біраз қиыншылықты еңсердік. Зал да, көрермендер де, мұндағы атмосфера да тамаша. Командаластарым ойынды асыға күтуде. Тартысты финал болады/ 3-ші орынға таласта Шымкент командасы жеңісті жұлып әкетті. Ал, финалдық ойында Жетісудың екінші командасы Буревестникті қапы қалдырды. Сөйтіп, Талдықорғанның тарландары жеңісті жолын жалғады. Бұл жігіттер былтыр да жеңіске жеткен еді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/