Suivant

Ел рәміздері - ең қымбат құндылық

06/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгін – мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай Рәміздер алаңында салтанатты жиын өтті. Ел үшін еселі еңбектің, ізденімпаздықтың, халыққа деген жанашырлықтың биік үлгісін көрсеткен бір топ азамат облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Елтаңба, Әнұран, Туымыз – еліміздің ең басты қасиетті құндылығы. Парқын түсіне білсек, рәміздеріміздің өн бойында халқымыздың бүкіл бастан кешкен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр. Патриотизм құндылықтарын паш еткен, жас буынға үлгі болған азаматтың бірі Ерғали Ысқақов, қоғам тыныштығын сақтаушы тәртіп сақшысы суға кеткен адамды құтқарған. Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі болса, сол елдің білімді, еңбеккеш, патриот, адал азаматтары тәуелсіздіктің біріктіруші образын бейнелейді. Халқымыдың асқақ арман-мұратын бейнелейтін мемлекеттік рәміздеріміздің жоғары деңгейде насихатталуы - бүгінгі жас буынды отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерге баулудың бір үлгісі екені анық. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant