Suivant

Ел іші - өнер кеніші

28/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қала іргесіндегі Белкөл кентінде өнерлі жандар аз емес. Күні кеше кент тұрғындары «Ел іші – өнер кеніші» фестивалі аясында қала халқын сазды кешпен сусындатты. Бір ерекшелігі, өнерпаздардың тең жартысы сан салада жұмыс істейді. Олардың қатарында, теміржолшылар мен өнегелі отбасылар да бар. БАҒДАТ НАҚЫПОВ – БЕЛКӨЛ КЕНТІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ «Ел іші – өнер кеніші» фестивалі болған соң мәдениет үйімен шектеліп қалғанымыз жоқ. Еліміздегі, барлық мекемелердегі өнерпаздарды әкеліп қатыстырып отырмыз. Белкөл кентіндегі мәдениет үйі «Адал адам» тұжырымдамасы шеңберінде 7 бағытта жұмыс істеп жатыр. Мына көздің жауын алатын бұйымдардың барлығы кент тұрғындарының туындысы. Жалпы, аядай ауылда күмбірлетіп күй төгіп, әуелетіп ән салатын жандар жетерлік. Солардың қатарында теміржолшы Мөлдір Оралова мен Ақбота Шағайдарова да бар. МӨЛДІР ОРАЛОВА – БЕЛКӨЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ // Белкөл станциясында жүк қабылдап, жүк тапсырушы болып жұмыс жасаймын. Бала кезімнен осындай қызығушылығым бар ән айтуға. Мынадай үлкен сахнаға бірінші рет шығып тұрмын. Ал керегесін кең керген «Сембаевтар» әулеті кент тұрғындарына құрметті. Жарасымын тапқан жанұяның ақылшысы – Күміскүл әжей. Ұзақ жыл мәденит саласында тер төгіп, бейнеттің зейнетін көріп отыр. Бұл отбасы ұлттық тәрбиені ұлықтауға арналған шаралардан шет қалмайды. ГҮЛМИРА СЕМБАЕВА – БЕЛКӨЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ //1967//00:22-/ біз отбасымызбен «Мерейлі отбасы» байқауында «Өнегелі отбасы» атандық. Береке мен бірлік орнаған белкөлдік өнерпаздар осылайша қала халқына рухани сазды кеш өткізіп, көпшілік көңілінен шықты. Айта кетейік, «Ел ішін – өнер кеніші» фестивалі алдағы аптада қорытындыланады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant