Елімізщде бірыңғай сынып сағаты өтті
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде 1 және 10 сынып оқушылары арасында салтанатты жиынның орнына «Білімім – Отаныма» жалпыұлттық бірыңғай сынып сағаты өтті. Қаладағы Тәкей Есетов атындағы 264-ші мектеп-лицейде де барлық мектептегідей сынып сағаты мемлекеттік әнұранмен басталды. Одан соң балалардың жетістіктері туралы бейнеролик көрсетіліп, Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрі шәкірттерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Бүгінгі таңда мектеп-лицейде 4200-ге жуық бала білім алуда. Оның 198-і биыл мектеп түлегі атанса, 19-ы «Алтын белгіге» үміткер. Сынып сағатында әр оқушының оқу мен спорттағы және қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері айтылып, марапатталды. Оқушылар мен ата-аналар ізгі тілектерін жеткізіп, ұстаздарға алғысын білдірді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/